3.22.2011

Файлаударудан ақша табу. Файл аудару деген не? Не істеу керек?

Файлайырбастаудан пайда табу.
Интернетте ақша табуға жаңадан қосылушыллар үшін файлалмастыру ісі ең табыстыларының бірі десек болады.
Бұндай ақша табуға, интернетке ақша табуға жаңадан келгендер үйір, себебі бұнда қалай ақша табу керектігі мәлім, көрнекті. Біз арқашан интернеттен әртүрлі типтегі ресурстарды құйып аламыз(скачать)және олар тегін. Енді осы файлдарды біреулер интернетке орналастырса, онда оларға біреулер сол қызметі үшін ақша төлейді деген сөз. Осындай файлдарды интернетке орналастырушылар файлайырбастаушылар.
Файлайырбастау деген не?

3.19.2011

Бәс тігу арқылы интернетте ақша табу. Букмекерлік конторлар, бәсті қалай тігу керек?

Бәс тігу арқылы интернетте пайда табу.

Тәуекел түбі жел қайық, өтесін де кетесін, деген сөз қазіргі кезде тотализаторлар арқылы ақша табуға да қатысты айтуға болады.

Басынан айтып кетейін бұл жерде мен интернетте пайда табудың бір жолын ғана айтқым келеді, біз ешкімге үгіт жүргізбейміз. Бәс тігу арқылы пайда табуда, спорттық шараларға белсенді қызығушылық танытатын және олардың қыр-сырын жетік менгерген адамдар болғаны жөн, сонымен қатар ақшаны тәуекелге бел буу да оңай шаруа емес.

Бәстесу арқылы пайда табу көлемі өте жоғары. Бұған тұтас сайттар мен сілтемелі хаттар арналған. Спорттық шаралардың нәтижелерін алдын ала болжайтын бірнеше тегін және ақылы ақпараттардың түр түрі инетрнетте кездеседі. Бұл қызық әрі көп көңіл бөлуді қажет ететін интернеттегі ақша табу тәсілдерінің бірі! Бірақ барлығына келісе бермейді...

3.18.2011

Копирайтинг, рерайтинг және аударма арқылы ақша табу


Контент жазу арқылы (копирайтинг, рерайтинг, аударма) ақша табу.

Әр күн сайын іздеуші машиналар Яндекс пен Google индекстеріне мыңдаған жаңа веб-беттер түсіп жатады. Әрбірі контентпен толтырылған, яғни текстпен. Олар қайталанбас жаңа (уникалды) я бір жерден көшіріліп алынған ақпаратпен толтырылған. Енді осыларды кімдер жазады, бұл текстерді копирайтер, рерайтер, хабаршылар мен тәжімалаушылар жазады, тиісінше ақшаға әрине. Бұл алып «интернет қызметінің сферасы», бұдан әлемде талай адам өзінің күнделікті,тұрақты қызметіне кірген. Контент жазу арқылы ақша табуға әркімнің таласы бар десек қателеспейміз, әдемі жаза алатын және әр сөзді орын орнына қоя білетін адам бұдан жақсы ақша таба алады. Біздің жағдайымызда ол орыс тілін білу қажеттілігі туады, бірақ бұл қылышты тасқа соғу деген сөз емес, көбіміз орыс тілін білеміз,

Капча (captcha) енгізу арқылы ақша табу


Капча (captcha) енгізу арқылы ақша табу.
Интернетте пайда табуға келгендер көбінесе сайт жасауға, керекті программаларды үйренуге, үйретуші материалдарды қарауға бара бермейді, олар тек Интернетте ақша табудың мүмкін екендігіне көз жеткізгісі келеді. Осындай Интернетте ақша табуға болатынын көруге арналған, ақша табу тәсілі капчаларды енгізу болып табылады. Ол үшін ешбір білім де алғашқы ақша салымы да керек емес.
Капча(captcha) ағыл.тілінен “Completely Automated Public Turing test to tell Computers and Humans Apart”- компьютер мен адамдарды айыру үшін арналған тұтастай

Интернетте ақылы сауалнама арқылы ақша табу


Ақылы сауалнама.
Интернетте ақша табуды бастаушылардың тағы бір толқыны ақылы сауалнаманы таңдайды.
Ақылы сауалнама деген не?
Ақылы сауалнама- интернет арқылы жүргізілетін сыйақы үшін сауалнамаға қатысу. Ақылы сауалнамалар мынадай нәрселер үшін жүргізіледі: тауарлар, қызметтер, сервистер мен т.б. дүниелерге сіздің көз-қарасыңыз, тұтынушылық бағаны білу үшін жүргізіледі.

Сөзсіз әрбір саналы адамда мынадай сұрақ туындайды: «Кімдер ақша беру арқылы сауал жүргізеді?». 
Бұны арнайы организациялар жүргізеді,олар белгілі компаниялар мен қарапайым

3.16.2011

Постинг пен реферальдықтан ақша табу.

Интернетте постинг пен  реферальдық жұмыс арқылы пайда табу. 
 Сонымен сіз ешкімге тәуелсіз болып, интернетте ақша табу әбден болады деп шешім қабылдадыңыз. Сонымен қатар сіз интернеттен көп ақша тапқыңыз келеді, бірақ бастапқы ақшаңыз жоқ және интернеттегі ақша табу жолдарын білмейсіз.
Интернеттен ақша тауып жүргендердің 90% -ы осы тәсілден бастаған, және сіз де осы тәсіл арқылы интернеттегі алғашқы ақшаңызды табатыныңызға сенімдімін. Бұл жолдан бастау сізге долларды тауып қана қоймай интернеттегі ақша табудың басқа тәсілдерін де үйреніп, өсіп өркендеуге жол ашады.
Интернетте ақша табуға алғаш келгендердің сұрағы мынадай: Интернеттегі алаяқтарға түсіп қалмай, қалай ақша табуға болады?
Менің ойымша, интернеттегі пайда табудың ең қарапайым тәсілі постинг және реферальдық іс.

Күрделі терминдер. HTML, SEO, Java т.б мағыналары не?

 Мына мақалада жазылған терминдер сайт құруда, программалармен жұмыс істеуде кездесетін, мағынасы күрделі болып келетін терминдер жазылған.
Баннер.
Баннер – анимациялық я статикалық(қозғалыссыз)жарнамалық немесе үндеулік тұрғыдағы картинка. Сайт беттерінде басқа сайтқа немесе осы сайттың басқа бетіне ауысу қызметі үшін қойылады.
E-mail.
E-mail:(электронды пошта)- электрондық байланыс құралдары арқылы хаттарды алу мен жіберу. Бұл ұғым тек Интернетке қатысты айтылады.

Интернетте кеңінен қолданылатын термин сөздер

Бұл жердегі термин сөздер интернетте көп кездеседі, олардың мағыналарын көп адамдар шатыстырып жатады, ал бұл белгілі ақпаратты түсінуде қиындық туғызатыны сөзсіз.
Аватар.
Интернет қолданушының форумдарда, әлеуметтік желіl3;ерде(социальный сеть) және т.б жерлердегі виртуальды фотографиясы, суреті, графикасы болып келеді. Аватар қозғалыссыз, яғни статикалық я анимациялық түрде кесдесуі мүмкін.
Интерфейс.
Интерфейс(ағыл.тілінде “interface”- қосқыш құрылғы, жалғаушы звено)белгілі бір программаны монитор экранынан көріп, басқаруға мүмкіндік беретін программа.