Ақша табу

Интернетте  ақша табу жолдары
Сонымен, сіз интернетте ақша табуға бел будыңыз. Бірақ сіздің көкейіңізде көптеген сұрақтар пайда болды. Ол сұрақтардың жауабын біз береміз. Алғашқы  және ең басты сұрақ: “Интернетте ақша табудың қанша түрі бар?”
Бірақ бұл сұраққа түпкілікті жауап бере алмаспыз, дегенмен интернеттегі негізгі ақша табу көздеріне бұл мақалада шолу жасап шығып, әрқайсысына  толықтай бір-бір мақала жазылатын болады.(Блогтың басты бетінен я блогтың оң жағында Топтамалар жарлығы бойынша да тез таба аласыз)
Бұндағы ақша табу жолдары орыс тілді сайттарға жүгінуге тура келетінін тағы да айтқым келеді, десек те кейбірі орысша сайрауды керек қылмайтынын айта кетейін.
Тағы да бір айтарым бұндағы материалдар интернеттегі веб-шеберлер, яғни өзінің жеке сайты бар және талай жылдар “интернеттің майын” ішіп жүргендер үшін емес, интернетті қарапайым қолданушыларға арналған кеңестер.
1.      Постинг және Реферальдық жұмыс.
Бұл ақша табу түрі білім мен өнерді қажет етпейді. Бүкіл дүние жүзінде интернетте ақша табушылардын көп бөлігі осы жолдан бастағанын ескерсек, аянбай еңбек еткісі келетіндер үшін таптырмас мүмкіндік. Егер сіз постерлікті таңдасаңыз, әртүрлі сайттарда белгілі бір мақалалар немесе хат-хабарларға өз пікіріңізді тастауыңыз керек. Реферальдық жұмыс әртүрлік тапсырмаларды орындау арқылы ақша таба аласыз, мысалы белгілі сілтеме арқылы сайтқа барып тіркелгеніңіз үшін сыйақы алу. Осы айтылған табыс табу жолдары арқылы сіз алғашқы интернеттегі ақшаның дәмін татуыңыз әбден мүмкін және бұл сіздің интернеттегі саяхатыңызға жол ашарына сенімдіміз.

2.      Ақылы серфинг және Хаттарды оқу.
Бұнда сізге ақшаны басқалардын сайттарын қарағаныңыз бен хаттарды оқығаныңыз үшін, дәлірек айтсақ хаттағы сілтемемен ауысқаныңыз үшін. Сізге бұнда “Демеушілер” деп аталатындар, яғни олар веб-шеберлердің сайттарына келушілердің санын көбейтіп көрсету арқылы веб-шеберлердің оларға беріп отырған сыйақысынын бір бөлігін сізбен бөлісіп отырады. Қанша тер төксеңізде бұдан қомақты қаржы табасыңыз деп айта алмаймыз, бірақ көруге әбден болады.


3.      Ақылы сауалнама.
Сізге сауалнамаға қатысқаныңыз бен анкета толтырғаныңыз үшін ақы төленеді. Сенуге қиын әрине, бірақ бұндай да болады. Бұл арқылы тұрақты ақы алып отыруды айту қиын, бірақ көптеген адамдар бұлай да ақша табады.
Ақылы сауалнамадан пайда табу >>>

4.      Файлайырбастау.
Интернет желісіндегі бұл ақша табу тәсілі мынадай: Сіз файлайырбастаушы сайтқа тіркелесіз де оған файлдарды аударасыз(құясыз),яғни басқа адамдарға қызықты(видео,музыка,софт) болатын файлдар. Сол файлдарды  қолданушылар қанша рет жазып алса, сонша ақша аласыз.

5.      Тотализаторлар мен букмекерлік конторалар.
Сіз спорттан хабарыңыз болса, әлде спорттық шараларды сүйіп көретін болсаңыз және өз ақшаңызды тәуекелге қия алсаңыз, интернеттегі ақша табудың бұл тәсілі сіз үшін. Интернеттегі букмекерлік конторлардың қызметтері өте көп,тіпті сіз ойламаған нәрселерге де бәс тігіледі...

6.      Алаяқтық жасау.
Интернеттегі заңсыз пайда табу түрі қарапайым алаяқтық. Алаяқтар көше базарларынан көрі интернетте көп, олар көшеге шығып әуре болмайды да. Біз интернетте алдау арқылы пайда таппауға кеңес береміз!

7.      Капчаларды енгізу.
Әртүрлі әріпті санды картинкаларды табу ең оңай жұмыс емеспе? Бірақ ақысы да тиісінше! Веб-шеберлерге автоматты тіркелу қорғанысынан өтуге көмектесу арқылы ақша табу.

8.      Фриланс(Қашықтағы жұмыс).
Егер сіз интернетте қажетті деген біліміңіз болса, мысалы, сайт құрастыра аласыз, дизайннан хабардарсыз, әлде фотошопта сурет сала аласыз не болмаса зат сатудын қыр сырын жетік меңгерсеңіз, не болмаса архитекторлық қабілетіңіз болса... жалпы сіз интернетте жақсы ақша таба аласыз! Белгілі бір биржаға не істей алатыныңызды жазасызда жауап күтесіз, тапсырма келгесін орындайсыз да, ақыңызды аласыз. Барлығы қарапайым, барлығы разы...

9.      Копирайтинг, рерайт, аударма, скандар.
Бұл интернетте ақша табуды жаңадан бастағандар үшін ең бір керемет тәсілдердің бірі. Сізге бұнда өзіңіздің  қызықты, керемет жазылған тексттеріңіз үшін, басқа біреудің жазбасын өз сөзімен қайта жазғаныңыз үшін, басқа тілден аудармаларыңыз(тәжімаланған) бен қағаз жазбаларды электронды форматқа сканерлегеніңіз үшін төленеді.
Сіздің не білетіңіз бен нені үйренгеніңізге байланысты.

10.  Фото банктер, картиналар, бейне жазба.
Егер сіз профессионалды және талантты фотограф болсаңыз, онда фото банктер сіздерді құшақ жая қарсы алады. Интернетте керемет тақырыптағы фотолар, картиналар мен бейне материалдарға деген веб-шеберлердің сұранысы толастаған емес, тіпті олар керемет деген фотолар үшін көп ақша беруге де дайын. Фотоларды олар өз сайттарын әсемдеу үшін қолданады, әрине адам әрқашан әдемілікке қызығатынын ескерсек бұл ақша табудың тамаша тәсілі...

11.  Интернет дүкендер.
Ғаламдық торда әртүрлі адамдар жүреді, белгілі бір нәрсені іздеушілер, бағалы нәрсені арзанға ұсынушылар мен қалтасындағы ақшаны қайда жіберерін білмеушілер де бар. Сонымен қатар сансыз көп оффлайндық дүкендер де кездеседі. Бір қалада арзан нәрсе, бір қалада құнды екенін де білеміз, неге бұдан да пайда таппасқа?

12.  Интернеттегі ақша табудың басқа тәсілдері.
Бұнда жазылған ақша табу тәсілдері интернетті жақсы білетін, яғни майын ішкендер үшін айтылған. Бұлар да бұл блогта арнайы мақалаларда айтылатын болады,сізде пайдасы тиеді деп ойлаймын.

13.  Қорытынды.
Бұл айтылған Интернетте ақша табу тәсілдері блогтың басты бетінде жарияланатын болады және олар толықтырылып отырады. Жәнеде блогтың оң жағындағы Топтамалардын ішінен «Интернетте ақша табу» жарлығымен де тез таба аласыз.