Блог туралы

...кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын
,я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, 
ақырыо сыған байладым... (Абайдың бірінші қара сөзінен үзінді) 

Блогтың негізгі мақсаты қазақ тілді интернет қолданушыға интернет мүмкіндіктерін барынша ашып, көрген білгеніммен бөлісу, яғни бұл менің жеке күнделігім я менің өз ойым ғана емес, бұнда көптеген өзіңізге керекті ақпарат ала аласыз.Интернет қазіргі заманда ақпараттық- танымдық, жарнамалық және бизнестік іс-әрекеттерде кеңіне қолданылып жүр. Оны ғаламдық тор деп те атайды. Яғни бұл тор ешбір шекарамен шектелмеген, сондықтан бұл барлық адамдарға керемет мүмкіндік сыйлап отыр. Интернетті әлемнің батысы мен шығысының мықтылары пайдасына жаратып, оның мүмкіндіктерін барынша пайдаланып жүр. Нақтырақ айтсақ ол елдерде интернеттегі ақпараттарды керегіне жаратып, өз ісін дөңгелетіп жатқандар мен тіпті интернеттен қомақты қаржы тауып жүргендер аз емес. Аз емес деймін-ау, олардын үлес салмағы халықтын біраз бөлігін (5-8%) құрайды. Әрбір адам интернеттен жаңалық қарау, әңгімелесу, танысу, кез-келген нәрсеге пікір білдіру, әлеуметтік сауалнамаға қатысу күнделікті тірлікке енген.Ал өзіміздің ана тіліміздегі интернетің, яғни Қазнеттің қалы қандай? Әрине айтпаса да белгілі, осы себепті бұл блогты интернет тақырыбын ала отырып, оның мүмкіндіктері мен пайдасы жайлы және түгел интернет туралы айтуға бел будым.Бұндағы материалдар өзімнің білгендерім мен орыс тілінен аударып алынған материалдар. Уақыттын тапшы екенін айта отырып, интернет тақырыбын бұл блогта түгел аша алмаспын, бірақ сізге пайдасы тиіп қалар деген үмітпен...