Бұл жердегі термин сөздер интернетте көп кездеседі, олардың мағыналарын көп адамдар шатыстырып жатады, ал бұл белгілі ақпаратты түсінуде қиындық туғызатыны сөзсіз.
Аватар.
Интернет қолданушының форумдарда, әлеуметтік желіl3;ерде(социальный сеть) және т.б жерлердегі виртуальды фотографиясы, суреті, графикасы болып келеді. Аватар қозғалыссыз, яғни статикалық я анимациялық түрде кесдесуі мүмкін.
Интерфейс.
Интерфейс(ағыл.тілінде “interface”- қосқыш құрылғы, жалғаушы звено)белгілі бір программаны монитор экранынан көріп, басқаруға мүмкіндік беретін программа.
Модератор
.
Модератор
.
Модератор(ағыл.тілінде “moderator- арбитр,судья, делдал). Интернетте бұл сөз негізінен форум иесін айтады, ол форум әкімшілігі мен форумды бақылауға құзіреті бар қолданушы да болуы мүмкін. Модератордың жұмысы- форумдағы пікірталастың берілген тақырыбта болуы мен форумға қойылған талаптар мен жалпылама құқ негіздерін қадағалау.
Дорвей.
Дорвей- басқа жаққа бұрғыш сайттар.Мысалы, сіз белгілі ақпаратты іздеп, соның сілтемесіне(ссылка)басасыз,бірақ сіз басқа бір ақпаратты сайттан шығасыз,бұлар дорвейлік сайттар.Дорвейлер интернетте көп жүре алмайды,себебі олардың істері заңсыз,сондықтан оларды іздеуші(поисковые)машиналар тауып оларды тұйықтап тастайды.
Домен мен домендік есім.
Домен – интернет сайтының интернеттің белгілі аумағына жататынын білдіретін бөлігі.Мысалы,kz,ru,com.
Домендік есім – интернеттегі сайттын өзіндік адресі. Мысалы,blogspot,massagan т.б. домен + домендік есім = massagan.com көбі бұларды шатыстырып бірдей айта береді, бірақ бұл дұрыс емес.
Гипертекст.
Гипертекст – компьютерлік технологияда ол сілтемелер мен басқа бетке я сайтқа ауысатын тетіктері бар текст.
Браузер (Интернет-браузер)
Браузер – компьютерді қолданушыға интернеттегі сайттарды қарауға жәрдемдесетін программа. Әлемдегі ең кең қолданылатын браузер Internet Explorer, Microsoft компаниясының өнім;і.Интернет-браузер нарығында 70% алып жатыр, содан соң Firefox пен Opera келеді,бұлардың өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар.
Блог.
Блог – бұл интернетте орналасқан,жарияланған күнделік. Бұнда әрбір жазбаға комментария жазуға болады. Бірақ белгілі бір мақсатқа арналған я тақырыбтық блогтарда болады. Мысалы,осы блогты айтуға болады.
Пост.
Пост – Интернет күнделіктердегі жазбалар,көбіне блогта. Бұл ресми термин емес, сленг десе болады. Ағылшын сөзі post,қазақшалағанда жариялау деуге келеді.
Спам.
Спам – электрондық пошта иесінің рұхсатынсыз жіберілген, жарнамалық хабарламасы бар сілтемелік хат. Желілік қоқыс.Спам жіберу интернет этикасы мен заңдарын бұзу болып табылады. Спам жіберушілер спамерлер деп аталады.
Трафик.
Трафик – сервер не компьютерден белгілі уақыт периодында өтетін ақпардың килобайтпен есептелетін көлемі. Трафик кірістік(алу) және шығыстық(жіберу)болады.
Троян.
Троян – шпиондық программа.Көбінесе электрондық пошта арқылы интернет қолданушының компьютеріне немесе корпоративтік желілерге кіріп,ондағы сақтаулы парольдар,кодтар,телефон нөмірлері мен несие карточкаларының номері мен PIN-кодтарын ұрлап оны жасаушыға әкеліп отырады.
Файл.
Файл(ағыл.тілінде.file - папка)- белгілі типте жазылған,электронды ақпаратты тасушы.винчестер,CD, DVD-диск,flash-дискті жалпылама атауы.
Флуд.
Флуд(ағыл.тілінде.flood - топансу)- бос сөз, Интернеттегі форумдарда, чаттарда, әлеуметтік желілерде кездеседі, олар бұндағы ақпараттың көп бөлігін ала отырып, е
96;бір жаңа я пайдалы ақпар бермейді. Флуд жазушыларды интернет-сленгісінде флудер деп атайды.
96;бір жаңа я пайдалы ақпар бермейді. Флуд жазушыларды интернет-сленгісінде флудер деп атайды.
Форум.
Форум(ағыл.тілінде.forum – конференция,құрылтай,еркін пікірталас)- белгілі тақырыб не сайт тақырыбында адамдардың әңгіме соғу мақсатында құрылған сайттын бір бөлімі.Форумды белгілі бір көзқарастағы адамдардың клубы десек те болады.
Чат.
Чат(ағыл.тілінде.chat – әңгімелесу,сөйлесу)- арнайы программалық қамтамас ету арқылы, нақты уақытта, тез хат алмасу.
WebMoney – Интернет желісінде қаржы есебін жүргізу жүйесі,электронды, виртуальды ақша. Бұл жүйедегілер бір-бірімен қызметтер мен тауарларды webmoney-мен есептесе алады,сонымен қатар виртуальды ақшаны кәдімгі ақшаға және керісінше ауыстыруға болады.
Қонақ кітабы.
Қонақ кітабы(орысша гостевая книга.ағыл.тілінде guestbook)- сайтқа кірушілердің осы сайт туралы ой-пікірлерін білдіре алатын сайттың бөлімі.
WWW.
WWW(World Wide Web)- «Ғаламдық тор»,Интернеттің ақпараттық ресурстарына онлайнда жол жеткіздіретін нәрсе. Бұл гипертекстік беттен басқа бетке, интернет ресурстарын байланыстыратын және оларды іздеуді жеңілдету үшін шығарылған, кең тараған программалық өнім.
Онлайн.
Онлайн(On-line)-дәл осы жерде,осы уақытта кіру,қол жеткізу,көру.(мұнда және қазір)
Unlimited.
Unlimited – Белгілі бір мерзімге интернетті қолдануды сатып алу сұлбасы. Сонымен бірге қолданушының осы мерзім аралығындағы интернетті қолдану уақыты есепке алынбайды.
Интранет.
Интранет – ішкі жабық локальды желі,құрылымы интернет принциптеріндей.
Логин.
Логин – идентификатор,жүйеге ену үшін қолданылады.
Мультимедиа.
Мультимедиа – дәстүрлі статикалық (текст, графика) және динамикалық (музыка, бейнефрагмент, анимация) ақпараттан тұратын компьютерлік технологияның ерекше түрі.
Іздеуші жүйелер.
Іздеуші жүйелер(Поисковые системы)- web-интерфейс арқылы басқарылатын арнайы жүйе, оның көмегімен «кілтті сөздерді» енгізу арқылы керекті ақпараттық беттері бар web-сайттарды таба аламыз. Мысалы, http://www.yandex.ru или http://www.google.com.
Порталдар.
Порталдар – көп адам кіретін және ауқымды ақпаратты бар сайттар.Олар «Ғаламджық торда» шлюз қызметін де атқарады.
Провайдер.
Провайдер – қолданушыларға желілік қызмет көрсететін ұжым. Интернетті қолданғаны үшін қолданушылар бұл фирмаларға ақы төлеп тұрады.
Сервер.
Сервер- Интернетке шығатын, желідегі компьютер. Сервер www-адрестерді оқитын браузерлер мен басқа да интернеттегі клиенттік программалардың артында тұрған, яғни олардың іс-әрекеттеріне қызмет көрсетуші.
Желі.
Желі(Сеть)- бір-бірімен жалғанған компьютерлер. Осы арқылы ресурстарды бірлесе қолдануға және ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
рахмееет
ОтветитьУдалить