3.16.2011

Күрделі терминдер. HTML, SEO, Java т.б мағыналары не?

 Мына мақалада жазылған терминдер сайт құруда, программалармен жұмыс істеуде кездесетін, мағынасы күрделі болып келетін терминдер жазылған.
Баннер.
Баннер – анимациялық я статикалық(қозғалыссыз)жарнамалық немесе үндеулік тұрғыдағы картинка. Сайт беттерінде басқа сайтқа немесе осы сайттың басқа бетіне ауысу қызметі үшін қойылады.
E-mail.
E-mail:(электронды пошта)- электрондық байланыс құралдары арқылы хаттарды алу мен жіберу. Бұл ұғым тек Интернетке қатысты айтылады.

IP-адрес.
IP-адрес- Интернет желісіндегі компьютердің тек өзіндік адресі. Ол төртке бөлінген, әр қайсысы диапазоны 0 ден 255-ке дейін сандардан тұратын және аралықтарын нүктемен бөлінеді. Мысалы: 196.25.5.23. Интернетте кез-келген интернетке қосылған компьютермен IP-адресті қолдану арқылы байланысуға болады.
Frame.
Frame- сайттың басқа беттері туралы ақрары бар web-беттің снецификалық бөлігі.
Hits
Hits(Хиттер)- қайсыбір веб-бетке тиесілі кірушілер саны.
Hosts.
Hosts(Хосттар)- IP-адресі арқылы қайсыбір веб-бетке тиесілі кірушілер саны.
HTML.
HTML(HyperTextMarkupLanguage)- гипертексттерді жазу тілі,желі ішінде ақпараттарды гипертексттік беттер қылып орналастыру және желіні скандаушы программамен(Браузер)қол жетімді және HTTP көтеруі тиіс.
HTTP.
HTTP(HyperTextTransportProtocol)- гипертекстті жіберу тілі,яғни бұл арқылы браузерлер гипертекстті түсініп серверлерге(желідегі компьютерге)  веб-бет ретінде жібереді.
ICQ.
ICQ(I Seek You- мен сені іздеймін)- Интернеттегі коммуникациялық программа, қысқа хаттармен жазысуға мүмкіндік береді,сонымен қатар файлдар,фотолар т.б. нәрселерді жіберуге мүмкіндік беретін интернеттегі әңгімелесу құралдарының бірі. 
Java.
Java -  Sun Microsystems  компаниясының өнімі, программа жасауда қолданылатын спецификациялардың жиыны, оны веб-беттерге қою арқылы олардың жоғарғы дәрежелі қауіпсіздігін қамтамассыз етуге болады.
JavaScript.
JavaScript – Netscape компаниясының программалау тілі. Оның көмегімен интерактивті режимде жұмыс істеуге болады.
Microsoft Internet Explorer.
Microsoft Internet Explorer – Microsoft компаниясының Mosaic программасын негізге ала отырып, ақпараттарды веб-серверлер арқылы көре алатын программалардың бірі, яғни браузерлердің бірі.
Web-интерфейс.
Web-интерфейс – веб-браузер терезесі арқылы қолданушының сайттан көретіні. Яғни қаl8;апайым айтқанда Интернет қолданушының ешбір программаның көмегінсіз Интернет ақпараттарын қолдану мен басқару.
Web-сайт- ақпараттардың белгілі бір ретпен топтасып орналасқан Интернеттің бөлігі. Басқаша айтқанда веб-файлдардың бірігуі мен олардың ретпен орналасуы. Сайт бастапқы бет(домашняя страница)ж2не бас0а да атаулы беттерден тұрады. Сайтты веб-браузердің көмегімен компьютердент ғана көруге болады.
Web-бет.
Web-бет- бөлініп алынған файлдын бір бөлігі, оның қарапайым кітап бетінен айырмасы оның тексті HTML форматында жазылған, сонымен қатар басқа беттермен байланыстырушы графикалық суреттер мен гипертекстік сілтемелерден тұрады.
Web-сервер.
Web-сервер- бір немесе бірнеше веб-сайттарды сақтап және оларды өңдей алатын арнайы программалық қамтамассыз етумен жабдықталған компьютер.
WWW-адрес.
WWW-адрес- веб-тің ерекше заңдылықтарына ие сайт адресі. Адрес веб-сайттың доменімен қатар веб-серверде орналасқан керекті каталог пен файлдардың аттары болуы мүмкін.
Авторизация.
Авторизация – қолданушыны куәләндыру я құқын тексеру. Интернеттің қауіпсіздігін қамтамассыз ету мен құпия ақпараттардың қорғалуы үшін қажет. Көбіне авторизация үшін логин мен парольді енгізу керек.
Баннерлік жарнама.
Баннерлік жарнама- жалпылай жағдайда ол веб-сайттағы статикалық я анимациялық сурет, негізгі қызметі бір нәрсені жарнамалау.
Узел.
Узел (әлде Host)- Интернет желісіне тікелей қосылған компьютер. Ол ақпараттарды орналастыру мен сақтауға арналған, яғни желідегі қолданушылар үшін. Ол тек компьютер емес басқа да электронды, ақпараттарды басқа серверлерге жіберуші, құрылғы болуы мүмкін.
Хостинг.
Хостинг- провайдердің жабдығына веб-сайт абонентін орналастыру.
Юзабильдік.
Юзабильдік (юзабилити, usability)- қолданушының белгілі бір сайтты қолданудағы ыңғайылығының дәрежелігі.

Комментариев нет:

Отправить комментарий