Капча (captcha) енгізу арқылы ақша табу.
Интернетте пайда табуға келгендер көбінесе сайт жасауға, керекті программаларды үйренуге, үйретуші материалдарды қарауға бара бермейді, олар тек Интернетте ақша табудың мүмкін екендігіне көз жеткізгісі келеді. Осындай Интернетте ақша табуға болатынын көруге арналған, ақша табу тәсілі капчаларды енгізу болып табылады. Ол үшін ешбір білім де алғашқы ақша салымы да керек емес.
Капча(captcha) ағыл.тілінен “Completely Automated Public Turing test to tell Computers and Humans Apart”- компьютер мен адамдарды айыру үшін арналған тұтастай автоматтандырылған ашық тьюрингтік тест.
Қазіргі таңда сілтеме хаттар мен автоматтандырылған тіркелулер веб-шеберлер арасында өте үлкен сұранысқа ие. Жаңа сайт құрай отырып, оның Интернетте айырықша орын алғанын қалайды. Сондықтан оны неше түрлі каталогтарға, іздеуші жүйелерге, әлеуметтік сервистерге және т.б. тіркелуді қалайды, бірақ оны бір өзі, қолмен тіркеп отыру өте күрделі әрі уақытты көп алатын шаруа. Ал веб-шеберлер оның оңай жолын біледі, инернетте автоматты тіркеу сервистері де жұмыс істейді, соларға аз-маз ақша төлейді де бірнеше мың өзінің сайтына сілтемелі аккаунттарға қол жеткізеді.
Бірақ бұндайды болдырмау үшін, бұл ресурстар, автоматты тіркелулерге қарсы тіркелу кезінде капчаларды енгізген, ал автоматты роботтар оларды оқи алмайды. Оларды сіз өзіңізде көрген боларсыз белгілі бір ресурстарға тіркелген(регистрация) кезде аты-жөніңізді жазған соң қисық жазылған саны бар латын әріптері аралас жазуды көшіріп жазу керек.Осы жазулар капча деп аталады.
Енді тақырыбқа оралсақ. Енді осы капчаларды автоматты роботтар оқи алмағасын, олардың орнына адамдардың қызметін пайдаланады, сіз капчаларды дұрыстап енгізіп отырасыз да, осы қызметіңіз үшін ақысын аласыз. Интернетте осы қызмет үшін бірнеше сервистер жұмыс істейді.
Капча арқылы ақша табудың амалы қалай?
Captcha енгізіп ақша табудың амалы ол былай: сіз картинкадағы жазуды текске көшіріп жазасыз, жазу ағылшын тіліндегі әріптер.
Содан сіз қалай жылдамырақ картинкалардағы жазуды тауып көшіріп отырсаңыз соғұрлым көп көп ақша таба аласыз. Әрине, дұрыс таппаған капча үшін сізге ешкім ақша бермейді.
Капча арқылы ақша табу қай жерде?
Қазіргі таңда капча енгізу арқылы пайда табуда қызмет істейтін бірнеше сервистер бар.Кең тарағандары Kolotibablo.com мен Antigate.ru. Олар арнайы код арқылы капчаларды серверге жіберіп отырады. Қарапайым тілмен айтқанда арнайы программалар капча енгізуге келген тұста капчаны автоматты түрде серверге жібереді,ал ол жерде жүздеген қолданушылар капчаларда суреттелген текстті жазып отырады.
Бірінші. Kolotibablo.com мен Antigate.ru сайттарына кіріп тіркелу керек. Тіркелген кезде ақша төлеу жүйесі Webmoney ді көрсету керек (Webmoney ақша салғышыңыз болмаса, барып ашуыңыз керек) Z-әмияныңызды(кошелек) жазыңыз. Z және 12 цифр жазылады. Мұқият болыңыз.
Екінші. Барлығын жазып, тіркеліп болғасын өз аккаунттыңызбен кіріп «работа» сілтемесін басып жұмысыңызды бастап кетуге болады.
Сізге әр 3-10 секунд аралығында картинкалар шығатын болады. Әр дұрыс капча тапқаныңыз үшін 0,01-0,003$ шамасында.
Әрине, алдын ала айтып қояйын көп ақша бұдан таба алмайсыз, бірақ бастапқы ақша жинауға болады, интернетте бос кезіп жүргеннен аз да болса ақша тапқан да жақсы емеспе. Бұл айтылған капча енгізу сервистері рунеттегі ең ақысы жақсы сервистер, ал басқаларында тіпті 24 сағат жұмыс істеу арқылы да 1 долларыңызды да таба алмайсын.
Бұларда сонымен қатар рейтингтік есептеу де бар, кімде кім капчаларды қатесіз енгізетін болса, солар рейтингі көтеріліп, сол арқылы пайыздық сыйақы да беріледі.
Бастысы капча арқылы ақша табам дегендерге тосқауыл жоқ, арнайы тіл де, білім де керегі жоқ.
Егер бұл ақша табу тәсілі сіздің көңіліңізден шықпаса басқаларын байқап көріңіз.
Комментариев нет:
Отправить комментарий