Ақылы сауалнама.
Интернетте ақша табуды бастаушылардың тағы бір толқыны ақылы сауалнаманы таңдайды.
Ақылы сауалнама деген не?
Ақылы сауалнама- интернет арқылы жүргізілетін сыйақы үшін сауалнамаға қатысу. Ақылы сауалнамалар мынадай нәрселер үшін жүргізіледі: тауарлар, қызметтер, сервистер мен т.б. дүниелерге сіздің көз-қарасыңыз, тұтынушылық бағаны білу үшін жүргізіледі.
Сөзсіз әрбір саналы адамда мынадай сұрақ туындайды: «Кімдер ақша беру арқылы сауал жүргізеді?».
Бұны арнайы организациялар жүргізеді,олар белгілі компаниялар мен қарапайым тұтынушылар арасындағы делдалдар, яғни компаниялар өздерінің тауарлары мен қызметтерінің өтімді болу үшін және сапасын көтеру үшін тұтынушылардың бағасы мен көзқарасы қажет, сондықтан олар осы үшін организацияларға ақша төлейді. Ал қазіргі заманда ешкім өзінің алтын уақытын бөліп, жарты сағат тегін сауалға қатыспайды, сондықтан сол сауалға ақша төлейтін болса, онда адамдар өздері-ақ, келіп қатыспайды ма?
Ақылы сауалнамаға қатысу үшін не істеу керек?
Біріншіден. Ақылы сауалнамалар орыс немесе ағылшын тілінде өтеді. Бастапқыда сіз бірталай ақпараттық жолдарды толтыруыңыз керек. Бұлар сіздің жеке мәліметтеріңіз, ұстаным, хобби, білім, жұмыс және т.б. Ақылы сауалнамаға қатысуға мүмкіндік алу үшін мәлімметтер максималды шыншыл болуы тиіс.
Екіншіден. Анкетаны толтырып болғасын, сіздің берген мәліметтеріңіздің болатын сауалнамаға сәйкестігі тексеріледі де, сізге ақылы сауалнаманы жіберіледі ме жоқ па анықталады.
Үшіншіден. Онлайндық жүйеде сауалнамаға жауап беру арқылы үлкен ақша табу мүмкін емес. Максимум 1-2$ дан аспайды. Ақша да бірден түспейді. Яғни сіздің толтырған анкетаңызды тексеріп болғасын жіберіледі.
Анкета қандай күрделі болса,сонша жақсы ақша төленеді,яғни аз-маз сұрағы бар анкетаны толтыру арқылы,аз-маз ақыаласыз.
Ақылы сауалнамадан қалай ақша табады?
1-Қадам. Ақылы сауалнама жүргізілетін сайтқа тіркелу. Ақылы сауалнамаларды ресей және басқа да елдердің компаниялары жүргізеді. Барлығын жазып жатпаймын. Тек интернетте танымал, көбі білетін сервисті айта алам, ол SurveysGuide .
2-Қадам. Ақылы сауалнамалы сайтқа кіріп тіркеліңіз. Барлық тіркелу жолдарын жазып шығу керек, олар: жас, жыныс, білім, жұмыс, хобби т.б. Сапалы толтырылған ақпарат ақысы жақсы сауалнамаларды алуға жол ашады.
3-Қадам. Сауалдар орыс тілімен қатар ағылшын, неміс т.б. тілдерде де келуі мүмкін. Сауалнамада батыс елдерінін тілін білсеңіз өте керемет, себебі олар сауалнамаларды толтырғаныңыз үшін ресейдікіндей емес, мол ақша беруге дайын. Сондықтан басқа тілдерді білсеңіз, әлде жаныңыздағы досыңыз білсе, онда оларды көрсеткеніңіз жөн.
Онлайндық ақылы сауалнамаларға қатысу керек пе?
Баса айтатыным бұдан көп қаржы таба алмайсыз. Егер тек орыс тілін білетін болсаңыз, тек бұл қосымша қаржы табу көзі болуы керек, яғни сіз жұмыстан соң келіп, электронды поштаға келіп түскен сауалнамаға жауап беріп, жібересіз. Айына 3000- 6000 тенгедей ғана таба аласыз.
Ал ағылшын (неміс, француз т.б) тілін білсеңіз, әңгіме басқаша. Оларда бір сауалнаманы сапалы толтырғаныңыз үшін 5-10 доллар шамасында ақша алуға болады, ал күніне бірнеше сауалнаманың келетінің ескерсек, ақшаның дөңгеленіп шығатыны ақихат.
Тағы да айта кетейін бұл тек интернетте ақша табудың тәсілдерінің бірі ретінде жазып отырмын. Әркімге әрқалай, қолы мен ақылы түзу болып, ерінбей еңбек етуге дайын адамдарға «алынбайтын қамал жоқ» , тек қолдарына байрақ беріп, алға деймін!
Бұл тәсіл жарамайды десеңіз, басқа тәсілдерді оқып,байқап көріңіз!
Комментариев нет:
Отправить комментарий