3.16.2011

Постинг пен реферальдықтан ақша табу.

Интернетте постинг пен  реферальдық жұмыс арқылы пайда табу. 
 Сонымен сіз ешкімге тәуелсіз болып, интернетте ақша табу әбден болады деп шешім қабылдадыңыз. Сонымен қатар сіз интернеттен көп ақша тапқыңыз келеді, бірақ бастапқы ақшаңыз жоқ және интернеттегі ақша табу жолдарын білмейсіз.
Интернеттен ақша тауып жүргендердің 90% -ы осы тәсілден бастаған, және сіз де осы тәсіл арқылы интернеттегі алғашқы ақшаңызды табатыныңызға сенімдімін. Бұл жолдан бастау сізге долларды тауып қана қоймай интернеттегі ақша табудың басқа тәсілдерін де үйреніп, өсіп өркендеуге жол ашады.
Интернетте ақша табуға алғаш келгендердің сұрағы мынадай: Интернеттегі алаяқтарға түсіп қалмай, қалай ақша табуға болады?
Менің ойымша, интернеттегі пайда табудың ең қарапайым тәсілі постинг және реферальдық іс. Мен осылардан бастауға кеңес берем. Сонымен іске кірісейік.
Постингтен қалай ақша табам? Неден бастаған жөн?
Постингте ақша табудың мәні мынада. Сізге әртүрлі сайттар мен форумдарда хабарлар, тіркелулер, посттар мен пікірлер қалдырып жарнамалаушыға сілтеме тастау керек болады, сол үшін ақшаңызды аласыз.
1.  Интернетте ақша салғыш Webmoney ді ашыңыз, ол қазіргі таңдағы ең танымал виртуальды ақшаны сақтайтын және интернетте барлық жерінде қолданылатын  WM ақша бірлігі.
2.  Әрине қазақ тілімен постингте ақша таба алмассыз, сондықтан орыс тілін әжептәуір білу   қажет. Сонымен бірнеше сервистер жұмыс істейді. Соның ішінде алдыңғы қатардағысы ADVEGO. Бұнда әртүрлі форумдарға постингтік ұсыныс жасау туралы жұмыстар туралы жазылады. Сайттар мен форумдарды толтыру ақысы: 1000 символға 0,80 у.е.
Келісуге тура келеді, жаман емес. Сіз өзіңізге ұнайтын тақырыпқа бірнеше хабарлама қалдырасыз да 1,5$ аласыз. Интернеттегі алғашқы долларыңызды бірнеше минут уақыт кетіре отырып қол жеткізе аласыз.
Форумдардан басқа да жұмыстар істеуге болады. Ол үшін Адвегоға тіркелгеннен кейін. Автору – Поиск работы – Рекламные заказы  дегенге кірсеңіз мынадай ұсыныстарды көресіз,мысалы, Нужно разместить статью в каталогах статей”, “Нужны новые темы на форумах…”, Требуется поддержка положительного образа *** на имеющихся ветках форумов” т.б. Әртүрлі типтегі жұмыстар. Әңгімелесіңіз де ақша табыңыз!
Сосын ақшаңыз жиналған соң WebMoney ге жіберуге болад.
Осы постинг интернеттегі алғашқы ақшаның дәмін татқыза алады және сіздің алға қарай дамуыңызға жол ашады.
Реферальдық іспен пайда табу.
Реферальдық іс те постингке ұқсас. Бұл да алғашқы ақша табу тәсілдеріне жатады.
Рефералдар деген кімдер? Мысал түрінде анықтайық.
Мысалы, сайты бар бір веб-шебер басқа бір сайтқа партнерлік қызметке тұрады, яғни ол сол сайтты жарнамалап оған халықты бағыттап отыру керек. Енді сол үшін веб-шеберлер реферальдық жүйе енгізеді. Тұқ етері  тіркелген партнерлер жеке реферальдық сілтеме алады, әлде код- инвайт. Сол сілтемемен  барып тіркелгендер партнердың реферальі болады да,олар реф-сілтемелерді интернеттің әр жеріне орналастыру керек. Ал бұл еңбегі үшін веб-шебер сізге өзі алған сыйақының бір бөлігімен бөлісіп отырады.

Комментариев нет:

Отправить комментарий